Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
pkmvkomoo
Описание
2006 жылы Семей қаласының белсенді жастарының ықпалымен республика аймағында құрылған алғашқы жастар ұйымдарының бірі.
Бірлестіктің басты мақсаты :
- Қазақстан жастарына мәдени, ғылыми дамуына септесу, Қазақстан Республикасында демократияның және азаматтық қоғамның қалыптасуы мен жетілуіне, сонымен қатар Республикамыздың салауатты, гуманды, құқықтық, өркениетті мемлекетке айналуына қолдау көрсету;
- Әділетті қоғам құруына ат салысу;
- Отанымызды бейбітшілік пен ұлтаралық келісім аймағына айналдыру;
- Әділеттік қағидаларына сүйене отырып, қоғамның саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етілуін насихаттау;
Ұйым жетістіктері:
- 2011 жылы Семей қаласы әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын асыруға қосқан үлесі үшін" сыйлығы "Жылдың жастар ұйымы" аталымын иеленді.
- 2014 жылы ұйым басшысы Еркебулан Турсын ШҚО әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын асыруға қосқан үлесі үшін" сыйлығы "Жылдың студент көшбасшы" аталымын иеленді.
- 2014 жылы ұйымның жобалар жөніндегі координаторы Толеуканов Айдос Семей қаласы әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын асыруға қосқан үлесі үшін" сыйлығы "Жылдың студент көшбасшы" аталымын иеленді.
- 2014 жылы ұйым төрағасы Семей қаласы әкімінің "Мемлекеттік жастар саясатын асыруға қосқан үлесі үшін" сыйлығы "Жылдың жас көшбасшысы" аталымын иеленді.